Хромтау: Үстел теннисінен жарыс өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастырумен мешіт жамағаты арасында «Ырыс алды – ынтымақ» атты үстел теннисінен жарыс өтіп, оған 28 адам қатысты.
«Бұл жарыс – жамағат арасында татулық пен бірлікті арттыруға арттыруға арналды. Құран Кәрімде: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) деген аят бар.
Татулық – байлық. Атам қазақ «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» дейді. Татулық пен ымыра бар жерде елдің алмайтын асуы жоқ. Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы Әлихан Бөкейхан ынтымақ жайлы: «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!» – деп кесіп айтқан екен. Бүгінде барымызды еселеп, жоғымызды түгендеу үшін де бірлік пен татулық ауадай қажет», - деді ауданның Бас имамы Ерік Сұлтанов.
Жарыс қорытындысы І орынды Сабыржан Ұлан (15 000 тг сертификат), ІІ орынды Аубакиров Азамат (10 000 тг сертификат), ал III орынды Жаимбетов Малик (5 000 тг сертификат) иеленсе, Иманғалин Нұрлыбек пен Қадыржанов Амир ынталадыру алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі