Бақытжан мешітінің қайырымдылық кубогы өтті 970

Бақытжан мешітінің қайырымдылық кубогы өтті

18 қазан 2021 90 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық жастар секторының ұйымдастыруымен қала және аудан командаларының арасында футболдан Бақытжан  мешітінің қайырымдылық турнирі өтті.

Жарыс барысында жиналған қаржыдан Әлібек бауырымыздың отасына 100.000 тг және Салима анамыздың еміне 100.000тг берілді.

Қайырымдылық турнирі негізінде өткен додада Ойыл ауданының командасы І орын, Әйтекеби ауданы, Басқұдық ауылы командасы ІІ орын, Шалқар командасы ІІІ орынға ие болды. Ал Сарыбұлақ ауылынан келген топ “Ең тәртіпті команда” номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздарға демеуші болған мейрамханаларға алғыс білдіреміз! Қайырымдылық футболына қолдау білдірген әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі