Хромтау: Ауданның Бас имамы Ақжар ауылына барды 4829

Хромтау: Ауданның Бас имамы Ақжар ауылына барды

14 September 2025 99 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали Ақжар ауылдық «Ақжар» мешітіне арнайы іс сапармен барды. 

Ауданның Бас имамы сапар барысында мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеріп, ауыл имамы Нұрхан Тұтқабаевқа бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар мешітте жұма намазын өткізіп, «Отбасында ата-ананың және перзенттің құқығы мен орны» тақырыбында уағыз айтты.

Сонымен қатар Марал Иманғали Ақжар ауылдық округінің әкімі Марат Жухинмен кездесіп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты.

Одан өзге баспанасы өрттен жапа шеккен отбасы мүшелерімен кездесіп, жамағат тарапынан қолдау көрсетілетіндігі туралы айтып, қолдау білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі