Хромтау: «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты түсіндірілді
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағатқа ауданның Бас имамы Ерік Сұлтанов ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағытын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Зираттарымыз өз дәрежесінде қамқорлыққа алынып, діни сауаттанған қызметкерлер шұғылданатын болса, халық арасында да бірізділік қалыптасады. Зиратқа қатысты мәселемен барушыларға және зиярат етушілерге шариғат шеңберінен шықпайтындай зиярат әдептерін үйретіп, қызмет ететін, шариғи білімі бар маман болғаны және жерлеу рәсімдерін толыққанды шариғат талаптарына сай дұрыс өткізу сауапты амал»,-деді ауданның Бас имамы.
Шара барысында хәл үстінде жатқан адамның жаны алқымға келген сәттен діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне дейін егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі