Гір тасын көтеруден ауданда сайыс өтті
Ақтөбе облысы, аудандық Әйтеке би мешітінің ұйымдастыруымен аудан жастары және мешіт жамағатының қатысуымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында гір тасын көтеруден жарыс өтті. «Спорт – денсаулық кепілі» болған болса, сау дене арқылы құлшылық пен қызметті ықыласты орындауымызға кепіл болады. Сайыс соңында қатысушыларға алғыс хаттар пен сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі