Емханада «Жат ағым жерге жығады» тақырыбында кездесу өтті. 3196

Емханада «Жат ағым жерге жығады» тақырыбында кездесу өтті.

04 ақпан 2024 451 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен «Жат ағым жерге жығады» тақырыбында кездесу өтті.

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев Шалқар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен «Жат ағым жерге жығады» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында жат ағымның алдын-алуға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, насихат айтылды.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің тарапынан туындаған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.