ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА? 2821

ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА?

21 маусым 2023 47 Оқу 1 минут

Дүниеден озған адамның атынан сауабын бағыштау ниетімен құрбандық шалуға болады. Бірақ құрбандық шалуға міндеттелген адам ең әуелі өз атынан құрбандық шалуы тиіс.

Әли (Алла оған разы болсын) екі құрбанның біреуін өзінің, екіншісін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атынан шалатын. Бұның себебін сұрағандарға ол: «Алла Елшісі кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық шалуымды өсиет етіп кетті»[1], – деп жауап берген екен.

Өлген адам үшін құрбандық шалғысы келген адам мұны құрбан айт күндері шалуы керек. Құрбандықтың етінен құрбандық шалған адамның өзі және басқалары да жесе болады.

Егер құрбандық шалуды қайтыс болған адам өсиет етсе, бұл құрбанның етін мұрагерлері жей алмайды, бәрін түгелдей кедейлерге таратып беру керек[2].



«Құрбандық пәтуалары» кітабынан


[1] Әбу Дәуіт, №2790.

[2] «Радду әл-мухтар», 9/472. Омар Насухи, «Илму әл-хәл», 395.