ДІНІМІЗДЕ ХЭЛЛОУИН АТТЫ КҮНДІ МЕРЕКЕЛЕП ТОЙЛАУДЫҢ ҮКІМІ 2221

ДІНІМІЗДЕ ХЭЛЛОУИН АТТЫ КҮНДІ МЕРЕКЕЛЕП ТОЙЛАУДЫҢ ҮКІМІ

29 қазан 2022 84 Оқу 1 минут

Сұрақ: Дінімізде хэллоуин атты күнді мерекелеп тойлаудың үкімі 

Жауап: Түп тамырын ежелгі Ирландия мен Шотландиядан алынған жын-жыбырлылардың мерекесі хэллоуин біздің дінімізге де, қазаққа да үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтпаса да түсінікті. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салады. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) кәпір қауымға ұқсап қалудан сақтандырған. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім бір қауымға ұқсағысы келсе, ол солардан болады”-деді (Ахмад, Абу Дауыт риуаят еткен).