Діни басқарма қызметкерлері құрбан шалып, дұға тіледі 1195

Діни басқарма қызметкерлері құрбан шалып, дұға тіледі

11 қаңтар 2022 162 Оқу 0 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма қызметкерлері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті аумағында құрбан шалып, Отан қорғау жолында опат болған сарбаздарымыз бен тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындарды Алла рахметіне бөлесін деп дұға тіледі.

ҚМДБ Төрағасы марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр, жарақат алған жандар үшін Алладан шипа сұрады. «Ел басына қиындық туған мұндай сәттерде бабаларымыз құрбан шалып, Алладан медет сұраған болатын. Елімізде болған тәртіпсіздіктің салдарынан қаншама отбасы қайғы жамылды. Сондықтан мұндай қиын кезеңде құрбан шалып, Жаратушы Иемізден медет сұрағанымыз абзал» деді Бас мүфти.