«Бірлігі жарасқан жамағат» атты үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды
ҚМДБ «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты үстел теннисінен жарыс өтіп, шараға қала мешіттерінің жамағаттарынан 30-дан аса адам қатысты.
Спорт сайысының басты мақсаты – салауатты өмір салты мен қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті насихаттау әрі жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту.
Ерекше дайындығымен әрі үздік нәтижемен алға шыққан қатысушыларға, атап айтқанда І орынға 30 000 теңге, ІІ орынға 20 000 теңге, ІІІ орынға 10 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Одан өзге 5 қатысушыға ынталандыру ретінде жайнамаз, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі туралы жазылған құнды кітаптар табыс етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі