Білімсіздік пен жат ағым егіз ұғым 3819

Білімсіздік пен жат ағым егіз ұғым

16 қазан 2024 140 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев және Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Шалқар ауданы, Қауылжар ауылы «Қауылжар ауылдық ЖОББМ» - де «Білімнің маңызы» және «Жат ағымнан сақ болу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында имамдар жат ағымның алдын-алуға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, насихат айтты.

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Асыл дініміз Исламда мұсылман адамның білім алып, оған амал етуінің маңызы өте үлкен. Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш уахи етіп түсірген аяттарында:«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп, оқуға бұйырған.Бұл аяттардан оқу, білім алу дініміздің ең басты талаптарының бірі екенін ұғынамыз. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әрбір сәтінде сахабаларын оқып-білуге, білгенімен амал етіп, өзгелерді де үйретуге шақырған» деп, білім алудың дініміздегі рөліне тоқталды.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері мен оқушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.