Бекжан Тұрыс: Кез келген халықтың келбеті мен рухани қазығы – үштаған
Ұлт болу – ұлы мұрат. Ал сол ұлттың өнері мен руханияты – оның жүрегі мен жаны. Нағыз өнер – рухтың тілегімен үндес, ұлттық ділдің өзегінен нәр алады” деп бастады сөзін.
Кез келген халықтың келбеті мен рухани қазығы – үштаған: тіл, діл және дін. Бұл үшеуінің өзара байланысы – ұлттың сүйегіне біткен рухани құрылым. Нағыз елдің, шын ұлттың перзенті болғысы келген адам осы үшеуіне қалтқысыз қызмет етуге тиістігін айтып, өз басым, ел мен ұлтты шын жақсы көргендіктен, осынау қасиетті үшеуінің жүгін көтеріп, қолымнан келгенше қызмет етіп келемін.
Қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 199-аятында: «Ғафу жолын ұстан, ғұрпымен әмір ет...» дейді. Демек, дін мен дәстүр – бір-бірінен ажырамас егіз ұғым. Біз, қазақ халқы, бағзыдан бері осы үйлесіммен өмір сүріп келген өнегелі халықпыз.
Бекжан ТҰРЫС
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
театр және кино актері
Шымкент, ІІ республикалық бата беру
байқауында сөйлеген сөзінен