Мәуліт шығарма байқауы қортындыланды 1064

Мәуліт шығарма байқауы қортындыланды

06 қараша 2021 134 Оқу 1 минут

Адамзаттың асыл тәжі болған, ақырғы елші Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген мүбәрак мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен күнделікті күйбең тірлікте Алла Елшісінің (с.а.ғ) үлгі-өнегесі қаншалықты назарға алудамыз? Мирас еткен кемеңгер сүннетіне бекем болудамыз ба? деген сауалдардар арқылы қалың оқырманға ой тастау мақсатында «Біз қандай үмметпіз?!» атты шығарма байқауы өтті.

Байқауға 5-сынып оқушысынан бастап 64 жастағы қарияларымыз, мұғалім мен мұнай саласының мамандарынан т.б қатысты. Атап айтсақ, жиырмаға жуық қатысушы Мәуліт шығармасында бақ сынады.

Додада жеңімпазды анықтаған әділқазылар құрамында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, журналист, Ақтөбе облыстық орталық мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Баспасөз хатшысы Айгерім Есберген  әрбір шығарманы жеке-жеке оқып, саралады.

Әзілқазылардың қортынды шешіміне сәйкес, І орынды (7-сынып оқушысы )Қуаныш Айша Нұрлыбекқызы (50 000 теңге), ІІ орынды Гауһар Қойшығұлова (5 баланың анасы ) (30 000 теңге ), ІІІ орынды Мерей Әбдуғалиев Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы (20 000 теңге) иеленсе, Ынталандыру сыйлықтары бойынша І Мадина Жұмаханова (Атырау қаласы) (5 000 теңге), ІІ Кәрім Бексұлтан (5 000 теңге), ІІІ Клышбаев Жасұлан (5000 теңге), ІV Нұргүл Яқлұнқызы (5 000 теңге) марапатталды.

Нұрлыбек Шакизадаұлы «Қатысушылар арасынан үздіктерді таңдау оңайға соқпады. Себебі, әр шығарманың өзіндік ерекшелігі, түйгізер ойы мен түртіп алар тұстары жетерлік болды. Бірі қара сөзбен өлеңдетсе, енді бірін оқу арқылы көзге жас келген тұстарда болды. Жеңімпаздарды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз ұшталып жазар ойларыңыз таусылмасын демекпіз!» -деді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақыттағы шығарма байқауы жалғасын табатындығын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі