Бегімбет: Ауыл имамы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады
Бүгін «2022 жыл – Балалар жылы» аясында Шалқар ауданы, «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Айгөлек» бөбекжай балабақшасындағы балаларға қуаныш сыйлады.
Аталған кездесу барысында имам 2-3 жастағы бүлдіршіндерге ойыншықтар тарту етті.
«Баланың күлкісі бәрінен қымбат. Оларға жыл он екі қуаныш сыйласақта артықтық етпейді», -деді Нұрдәулет Әуезов.
Шара қортындысында мекеме қызметкерлері ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі