Басыңыздағы ауыр жағдай мен қарыздан құтылуды қалайсыз ба?
Абу Саъид Әл-Худри (р.а.) айтады: «Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) мешітке кірген бетте Әбу Умәмә (р.а.) есімді ансарлардан болған кісіні көріп, оған: «Ей, Әбу Умәмә (р.а.) сені намаз уақытынан тыс уақытта мешітте мына күйде отыратыныңды көретіндей не жағдай болды?» - деп сұрағанда, ол: «Йа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Бұған себеп басымдағы қарызым мен ауыр жағдайым», - деді.
- Мен саған бір сөз үйретейін бе? Сен оны айтсаң Алла тағала жағдайыңды түзеп, қарызыңды жояды.
- Иә, үйретіңіз!
- Олай болса таңертең және кешке Алла тағаладан:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ الْجُبْنِ وَالْبُخْلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ غَلَبَةِ الدَّيْنِ، وَقَهْرِ الرِّجَالِ
«Йа, Тәңірім! Күйзеліс және қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қажырсыздық пен сараңдықтан, қарызға тап болу мен адамдардың ашуынан Өзіңнен пана тілеймін» - деп дұға ет.
Осы оқиғадан кейін Әбу Умәмә (р.а.) «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) айтқанындай еттім. Алла тағала уайым мен абыржуымды кетіріп қарызымды өтеуімді нәсіп етті», - деді.
Нұрбол Смағұлов
«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы