БАС МҮФТИ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ 1404

БАС МҮФТИ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

15 наурыз 2022 120 Оқу 1 минут

ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен елордада өтіп жатқан «Жалынды жастар ынтымағы» республикалық жастар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

ҚМДБ Төрағасы баяндамасында жастардың пікірімен санасып, мәселелерді бірлесіп шешудің маңызды екенін алға тартты.

«Асыл дінімізді насихаттаған кезде де Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жастардың орнын ерекше бағалаған. Бір хадисінде «Жастар маған көмектесті» деп ерекше атаған. Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) өзінің халифалығы кезінде қандай да бір қиын мәселе сөз болғанда жастардан арнайы пікір сұраған екен. Өйткені олардың ойлары жүйрік, зерек болады деп тұжырымдаған» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы ХХ ғасырдың басында ерекше белсенділігімен тарих сахнасына шыққан қазақ зиялыларының басым бөлігі жастар болғанын алға тартып, олар ғасырлар бойы бодандықта болып келген елдің жағдайына жайбарақат қарамай, біліммен қаруланып, азаттық үшін күрескенін атап өтті.