Бас имам жамағатпен тасаттық намазын оқып, құрбан шалды 684

Бас имам жамағатпен тасаттық намазын оқып, құрбан шалды

06 шілде 2021 230 Оқу 1 минут

Сенбі күні Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе қаласының жамағаты және мешіт ақсақалдарымен қала сыртындағы табиғат аясына шығып, тасаттық намазын оқыды. Жиылған жамағатқа тасаттық жасаудың маңыздылығын айтып, күнәларға тәубе етіп, кешірім сұрау – Алланың рақымына жол ашатын ең ұлы амал екенін айтты. Бас имамның өнегелі насихатын тыңдаған жамағатпен бірге екі бас намаз оқылып, Алладан жаңбыр тілеп дұға жасалды. Кейін Алланың разылығы үшін құрбандық шалынып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

Келесі күні Алланың қалауымен Ақтөбе қаласында Алланың нұры – жаңбыр жапты. Жергілікті жамағат дұғаларын қабыл еткен Раббымызға мадақтар айтып, қуаныштарымен бөлісуде. Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын!

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі