Бас имам Шалқар тарихы көрсетілген мұражайға барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Шалқар ауданындағы арнайы жұмыс сапары аясында «Шалқар аудандық өлкетану мұражайына» барды.
Облыстың Бас имамы эксурсия негізінде Шалқар ауданының тарихымен, одан шыққан танымал тұлғалармен және олардың қолданған заттарымен танысты.
«Мұражай – халық қазынасын сақтап қана қоймай, насихаттап, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет ететіні ақиқат. Осы тұрғыдан дін де мәдениет пен өнерге көп көңіл бөлетін тәрбие құралы болып табылады» - деп атап өтті Бас имам.
Одан өзге, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев мұражай кітапшасына ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.
Кездесу қортындысында «Өткенін білмей, болашағын болжай алмайды» - деп дана халқымыз айтқандай туған елінің дәстүрімен тарихын танып, оны өз бойына сіңіріп өскен өскелең ұрпақ әрқашан өз елінің патриоты болатыны анық. Мен сіздерге дін ілімімен қатар тарихымызбен дәстүрімізді толық танып білуге кеңес етемін» – деп өз сөзін тәмәмдады.