Байғанин ауданы имамдарына арналған Пәтуа семинары өтті
ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы әрі Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов Байғанин ауданына қарасты аудандық және ауылдық мешіт имамдарына семинар өткізді. Семинарда пәтуа беру әдебі, пәтуа беруге кім лайықты? деген тақырыптар түсіндіріліп, «Мүлікті банк арқылы сату», «жүлделі жарыстарға қатысты шариғат үкімі» пәтуалары талқыланды.









































