«ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» ҚҰЖАТЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Халқымыз қажылыққа барған азаматтарды «қажы» деп құрметтеп, оларға ерекше ілтипат көрсетіп келеді. Қажылар да өз кезегінде көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен өзгелерге өнеге болуда. Сондықтан қажылармен әрдайым тығыз байланыста болып, олармен нәтижелі жұмыс істеуіміз қажет деп санаймын. Осы ретте қажылық парызын өтеуге ниет еткен және ұлы сапардан елімізге оралған азаматтарымызға арналған «Қажының рухани келбеті» құжатын әзірлейміз» деді ҚМДБ Төрағасы.