Аудандық кітапханаға «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы табысталды
18 қазан – Рухани келісім күніне орай Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің Бас имамы Абай Шымболатов Қобда аудандық кітапханасының ұжымына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын табыстады.
Аталған кездесу барысында Бас имам оқырман мен студенттерге жаңа еңбектің маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар дін тақырыбындағы студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі