Аудан жамағаты Құран Хатым жасады
Шалқар ауданында Құранның 114 сүресі толығымен оқылып, хатым дұғасы жасалды.
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 2024 жылдық жоспарына сәйкес «Ихсан және насихат» бағыты аясында «Құран хатым» жобасы бойынша мешіт жамағаттарымен Құран хатым етіліп, хатым дұғасы жасалды.
Игі іс-шарада еліміздің игілігі мен болашағы үшін дұға етілді . Сондай-ақ, жамағат хатым дұғасында ата – бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі.
Айта кетейік, берекелі басқосуда Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков жамағатқа «Құран оқудың сауабы», «тәубе», «кешірім» тақырыптарында уағыз – насихат айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі