Аудан имамы шәкірттерге 800 000 теңге көмек көрсетті
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы «Шәріп Молда» мешітінде өнегелі іс-шара өтті. Ауданның бас имамы Абай Шымболатов еліміздегі діни оқу орындарында діни білім алып жатырған Қобда ауданынан шыққан шәкірттерге қасиетті жұма күні 800 000 теңге көлемінде сыйақы табыстады. Бұл амалдың маңыздылығын жамағатқа айтып, алдағы уақытта жиі шәкірттерге қолдау жасап тұру оларға оқу аяқтағаннан кейін елге қызмет етулеріне арқау болатынын түсіндірді. Алматы қаласындағы «Нұр-Мубарак» ислам университетінде ақылы оқып жатқан шәкіртке 200 000 теңге, қалған діни оқу орындарында оқып жатқан 12 шәкіртке 50 000 теңгеден бөліп берді.







































