Қала, аудан мешіттері діни сұрақтарға жауап берді 3845

Қала, аудан мешіттері діни сұрақтарға жауап берді

21 қазан 2024 205 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде әр апта сайын жұма намазынан кейін Пәтуа сағаты ұйымдастырылып келеді. Осы жұмада Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті және қала, аудан мешіттерінде діни сұрақтарға жауаптар беріліп, жамғат өздерін мазалап жүрген әрі шешімі күрделі діни мәселелердің жауабын дін мамандарынан тыңдады.

Айта кетсек, Истихара намазы қалай оқылады және неше рет? Одан кейінгі іс-әрекет қалай болады?, Фиқһ кітаптарында келетін имамдыққа шығуы мәкруһ болған санаттағы адамдар кімдер?, Ата-ана дінге қарсы шыққан кезде не істеу керек?, Дұға жасағанда не нәрсеге мән беру керек? Қандай дұғаларды айту керек?, Намаздағы дұғада қандай дұғаларды айтқан жөн?, Созылмалы простатит диагнозы қойылған, дәрет алғаннан кейін дәрет бұзылып кетеді. Намаз оқу қалай болады?, Үзір иесі бекітілу шарттары, Дәреттегі күмән мәселесі, қалай амал етемін?, Зәр тамшылайды, оны қалай тоқтатуға болады?, Бекітілмеген 4 ракағат нәпіл намаз қалай оқылады?, Қаза намазды өтеу тәртібі, Тақлид деген не? секілді сұрақтар қойылды.