Ахметов Серік Полатханұлы 116

Ахметов Серік Полатханұлы

20 қыркүйек 2020 4178 Оқу 1 минут

1989 жылы 14 қыркүйекте Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген.

1996-2007 жылы туған ауылында «С. Майлықожа» атындағы орта мектепті бітірген. 2005-2006 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Дару әл-Арқам» атындағы Құран жаттау орталығында оқыған. 2007-2011 жылдары аралығында «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавриатын аяқтаған. 2012-2014 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Сонымен қатар Малайзия мемлекетінде «UniSZA» университетінде курстардан өтіп білімін арттырған. 2009-2011 және 2012-2014 ж.ж. университет оқуымен қатар Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан «Көктөбе» қарилыққа дайындайтын медресені бітіріп, Алланың қалауымен қасиетті Құранды толық жаттап шықты. 2010 жылдан бері Құран хатым түсіріп келе жатқан қари. Қазақстанда өткен Республикалық Құран жарыстарына, сондай-ақ Иран республикасы Тегеран қаласында және Индонезияның астанасында өткен әлемдік Құран жарыстарына қатысқан. 2011-2012 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол уақыттағы Бас мүфтиінің бұйрығымен, Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешітіне азаншылық қызметіне тағайындалған. Сонымен қатар бірнеше жыл бойы аталмыш «Һибатулла Тарази» мешітінде Құран хатым түсіріп келген. 2015-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы, «Әл-Азим» мешітінде наиб имам болып қызмет еткен. Әрі осы жылдары аралықта Алматы қаласында орналасқан Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында ұстаздық еткен. 2017 жылдың ақпан айынан Алматы Орталық мешітінде ұстаздық қызметін атқаруда. Осы жылдары Алматы қаласы Орталық мешітінде хатым түсіріп келе жатқан толық қари. Үйленген, бір ұл, бір қызы бар.