Адыраспанды түтетуге болады ма?
Сұрақ: Әссәләму алейкум!
Апаларымыз ауылдағы үй ішінде адыраспан түтетіп, бөлмелерді аластап жататын. Ол кезде еш мән бермейтінбіз. Бүгінде «анау болмайды», «мынау болмайды» деген сөздер көбейіп кетті. Соның бірі осы адыраспанды түтетуге қатысты. Жалпы бұл амалдың шариғаттағы үкімі қандай, білсем деп едім.
Жауап: Уа алейкум ассалам!
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Бірқатар дертке қарсы қолданатын емдік қасиетке ие. Үй ішінде түтетумен ауадағы кейбір зиянкес бактерияларды өлтіреді. Алайда, бұл жын сияқты тылсым дүниелерден қорғайды деп сенуге болмайды.
Рухани зиянкеске қатысты шара ретінде Үмму Қайс бинт Михсан (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Мынау һинди таяқшасына мұқият болыңдар. Оның жеті түрлі шипалық қасиеті бар...», - деп айтқанын естідім[1]», - дейді. Расында, һинди таяқшасын пайдаланудың бір тәсілі – түтету.
Жауапты дайындаған: nurgasyr.kz
[1]Бұхари, Муслим