Әйел жамағаты судан зардап шекккендерге көмек берді
Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе қаласының тұрғындары бірнеше мектепке орналастырылған. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының басшылығымен көптеген шаралар атқарылуда. Ақтөбе облысы "Әйел-қыздар" секторы да өз үлесін қосу мақсатында мектептерді паналаған отбасылардың хал-ахаулын біліп, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмыстық қажетті заттар және дәрі-дәрмек жеткізіп берді. Сонымен қатар, 14-ші, 31-ші,18-ші мектептерінде орналасқан отбасылардың балаларын қуанту мақсатында Қадір түнінің қарсаңында 100 балаға "Рамазан тәттісі" таратылды.