3 Рабиғ әл-әууәл
«Абай — дара, Абай — дана халықта» атты шара ұйымдастырылды 4741

«Абай — дара, Абай — дана халықта» атты шара ұйымдастырылды

10 тамыз 2025 73 Оқу 1 минут

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай — дара, Абай — дана халықта» атты шара ұйымдастырылды. 

«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова 10 күндік семинар өткізді. Семинарда қазақтың кемеңгері, данышпаны, данасы Абай Құнанбайұлының тәлім-тәрбиеге толы қара сөздерін таныстырып, талқылады. Сонымен қатар оқырмандар өз ойларыменде бөлісті

Шараның қонағы Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен ұйымдастырушы, «Бақытжан» мешіті ұстазы жиналған жамағаттың ой-пікірлерін Құран мен сүннетпен, қазақ халқының ұлттық ұстанымдарымен түйіндеп отырды.

Игі шара қорытындысында ұлы кемеңгер тұлға Абай оқуларына кезек беріліп, дұға бағышталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі