«Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты  интеллектуалды сайыс өтті 5076

«Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты интеллектуалды сайыс өтті

15 December 2025 111 Оқу 1 минут

 Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде еліміздің тәуелсіздігі күніне орай «Әйел-қыздар» секторы мен «Шырайлым» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы бойынша мешіт шәкірттері арасында «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты интеллектуалды сайыс өтті. 

Шарада «Нұр Ғасыр» мешітінің әйел жамағаты арнайы «Желтоқсан оқиғасында» қаза болған жастарға арнап оқыған Құран хатымның дұғасы оқылып, елдің амандығы мен берекесін тіледі.

Жарысқа 5 топ қатысты, атап айтсақ «Нұр Ғасыр» мешіті «Азат рух» тобы , «Әзіреті Біләл» мешіті «Шұғыла» тобы, «Бақытжан» мешіті «Каусар» тобы, «Шырайлым» қыз-келіншектер клубы «Жасасын Алаш!» тобы және қалалық әйелдер сауат ашу орталығының шәкірттері «Азаттық алауы» тобы тартысты додада бақ сынасты.

Әр кезеңде қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдер, ұлттық құндылықтар және рухани тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шыңдап, ой ұшқырлығын көрсете білді

Байқаудың төрт кезкеңінен топтар сүрінбей өтіп, нәтижесінде: «Азат рух» тобы ¬– 1 орын, «Жасасын Алаш!» тобы - 2 орын, «Азаттық алауы» тобы - 3 орынды иеленді. Ал «Әзіреті Біләл» мешіті «Шұғыла» тобы мен «Бақытжан» мешіті «Каусар» тобы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Сайыс барысында көрермендерге де көңіл бөлініп, тақырып бойынша сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар бүгінгідей сайыстар жастардың патриоттық сезімін қалыптастырып, саналы да отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге сөзсіз өз үлесін қосады деп әжелер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі