«Бақытжан» мешіті бүлдіршіндерге мерекелік қуаныш сыйлады.
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрай» балабақшасының балаларына қуаныш сыйлады.
Ізгі шара барысында бүлдіршіндерге ойыншықтар табысталып, олардың қуанышты сәттеріне ортақтасу мақсатында арнайы мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің мәнін айшықтай түсті.
«Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Кәрім жас ұрпақтың амандығы мен жарқын болашағына игі ниетін білдіріп, балаларға бақытты балалық шақ тіледі.
Мұндай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттап, балаларға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты арттыруға үлес қосады. Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өткізілген бұл шара бүлдіршіндер үшін жарқын естелікке айналды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































