Балалар мерекесінде бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады 6424

Балалар мерекесінде бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

02 June 2026 29 Оқу 1 минут

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырұлының ұйымдастыруымен балаларға 100 дана балмұздақ таратылды.

Мерекелік шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балалар мерекесінің маңызын насихаттау.

Жаңа тұрғын үй алқабының ойын алаңындағы балаларға үлестірілген балмұздақтар олардың мерекелік қуанышын арттырып, шаттыққа бөледі.

Іс-шара барысында балаларға ақжарма тілектер айтылып, мереке күніне орай ерекше көңіл бөлінді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі