Жаңалықтар
04 December 2022 228
Ақтөбе: Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дұға жасалды

Халықаралық мүгедектер күніне орай облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың асыраушылары мен дәрігерлерге, қамқорлық танытып жүрген азаматтар үшін арнайы дұға жасады.

Жаңалықтар
29 November 2022 254
Ембіде жалғызбасты анаға 621-ші үй табысталды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2022 жылдың ішінде республика бойынша 621-ші, облыс бойынша 6-шы үйді жалғызбасты анаға Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемханм Ерғазин мен Қандыағаш қаласы «Қадырәлі ата» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов табыстады.

Жаңалықтар
15 November 2022 198
ЕЛОРДАДА «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ

16 қараша күні елордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» атты бірінші республикалық еріктілер форумы өтеді.

Жаңалықтар
15 November 2022 235
Ақтөбе: «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында 1000 000 теңге табыстады

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы қолға алынған болатын. Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде қайырымдылық жобасы аясында «Зекет және қайырымдылық қоры» ауыл имамының науқастанған 2 баласының еміне деп 1 000 000 теңге қаржы жинады.

Жаңалықтар
29 October 2022 245
Хромтау: Облыстың Бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің Хромтау ауданына барған сапары барысында аудандық «Нұр» мешітінде мәуліт айының құрметіне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы өтті.

Жаңалықтар
29 October 2022 415
Хромтау: Облыстың Бас имамы көпбалалы жалғызбасты анаға 609-шы пәтерді табыстады

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің Хромтау ауданына барған сапары барысында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы жалғызбасты анаға 609-шы пәтердің кілтін табыстады.

Жаңалықтар
27 October 2022 203
Қобда: Жамағат арасында қайырымдылық турнир ұйымдастырды

Қобда ауданындағы «Шәріп молда» және «Бақыт ана» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам діні – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында футболдан достық кездесу ұйымдастырылды.

Әйел-қыздар секторы
11 October 2022 316
"Нұр Ғасыр": "Жылулық сыйла" акциясы өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Жылулық сыйла" акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға күздік және қыстық киімдер таратылды.