Мақалалар
20 November 2023 143
ЛУДОМАНИЯНЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Лудомания ойынқұмарлық деген мағынаны білдіреді. Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді. Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады («Әл-маусуату әл-фиқһия»: 39/407).

Мақалалар
03 November 2023 422
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МЕШІТТЕ НАМАЗ ОҚУЫ ДҰРЫС ПА?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман әйелдеріне парыз намаздарды мешітке барып, жамағатпен бірге оқуға рұқсат берген. Бірақ шариғатта оған белгілі талаптар қойылады. Атап айтқанда, әйел кісі мешітке барғанда ер адамдармен араласпауы, хош иіс қолданбауы тиіс.

Мақалалар
29 October 2023 474
КІСІ ҚАЙТҚАН ҮЙДЕ НЕГЕ АЙНАНЫҢ БЕТІН ЖАБАДЫ?

Бұрыннан білеміз, үйде адам қайтыс болғанда мәйіт жатқан бөлменің барлық айнасының бетін жауып тастайды. Себебі қазақ халқында «мұндай кезде айнаны ашық қалдыруға болмайды» деген түсінік бар. Әлбетте мұның да бір негізі бар шығар.

Мақалалар
19 October 2023 159
МИХРАБ ОРНАТУ БИДҒАТ ПА?

«Михраб» дегеніміз – мінәжат етушілерге арналған құбыланы бағдарлап тұратын бардаршы, намаздағы имамның орнын көрсететің белгі іспетті. «Михраб» сөзі Құранда төрт жерде зікір етілген: «Әл-Имран» сүресінің 37-39 аятында, «Мариям» сүресінің 11-аяты және «Сод» сүресінің 21-аятында.

Мақалалар
16 October 2023 234
ҚҰРАНДА АТЫ АТАЛҒАН ЖАЛҒЫЗ ӘЙЕЛ КІМ?

Қасиетті Құран адам баласы үшін тағылым мен ғибратқа толы. Құранда ертеде өткен қауымдардың оқиғалары, құлшылық, жаза және басқа да мәселелер айтылумен қатар мұсылман әйелдеріне үлгі боларлық нәзік жандылар мәселесіне де тоқталған.

Мақалалар
05 October 2023 206
АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ МӨРІ ҚАНДАЙ?

Имам әт-Термизидің «Әш-Шамайл әл-Мухаммадия» атты еңбегінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сырт келбетін баяндай келе, екі жауырынының ортасында пайғамбарлық мөрі болғаны жайлы айтылады. Пайғамбарлық мөр дегеніміз – көгершіннің жұмыртқасының үлкендігіндей, түсі қызыл, жұмыр денеден өсіп шыққан бір бөлек ет. Бұл мөр Пайғамбарымыздың хақиқи пайғамбар екеніне дәлел.

Мақалалар
03 October 2023 134
«ҚҰРAНШЫЛAР» ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР?

Бұл aғым eң aлғaш рeт жeкe бiрлecтiк рeтiндe «Әһлі-Құрaн» дeгeн aтпeн 1902 жылы Үндicтaнның Пeнджaб aудaнындaғы Лaхор қaлacындa пaйдa болғaн. Нeгiзiн caлушы – Aбдуллa Чaкрaлaуи (ө.ж. 1914). Ол «Әһлі-Құрaн», яғни «Құрaн иeлeрi» дeгeн тeрминiн aлғaш рeт қолдaнды. Чaкрaлaуи Мұхaммeд пaйғaмбaрдың (оғaн Aллaның салауаты мен cәлeмi болcын) cүннeтiн жacынғa шығaрып, төрт кaнондық мәзһaбты тeрicтeп, Құрaнғa ғaнa жүгiнугe шaқырды. Өйткeнi, оның eceптeуi бойыншa Aллa Тaғaлa Мұхaммeд пaйғaмбaрғa (оғaн Aллaның салауаты мен cәлeмi болcын) тeк Құрaнды уaхи eтiп түciргeн, aл қaлғaн мұcылмaн дeрeккөздeрi бұрмaлaнып, өзiнiң шынaйылығынaн aйырылғaн. Бұғaн бaйлaныcты мұcылмaн ғұлaмaлaрымeн қaқтығыcқa түciп, Құрaннaн бacқa eш нәрceнi мойындaмaуды дәрiптeп, оcы жолдa бeлceндi жұмыc aтқaрды.

Мақалалар
02 October 2023 132
ИСЛАМДАҒЫ ПІКІР АЙТУ ӘДЕБІ

Қазір әлеуметтік желіде дінге қатысты тартысты әңгімелер жиі жариялануда. Қаншама адамдар бір-бірін қатты сынап, жүректерге күмән мен түрлі ой салуда. Біз осы ретте Исламдағы пікір айту әдебі туралы айтқанды жөн көрдік.

Мақалалар
24 September 2023 187
МАХМҰТШЫЛАР ДЕГЕН КІМДЕР?

Түрік жамағаттарының арасында қолдаушылары көп болмаса да, белсенді жамағаттардың бірі, Ыстамбул қаласында шоғырланған – «махмұтшы» («Исмаил аға») жамағаты. Жамағаттың атауы ханафи мәзһабын ұстанушы, Нақшбанди-мужаддиди тариқатындағы «Халидия» тармағының жетекшісі шейх Махмұт Уста Османұлы әл-Уфиден (1929-2022) алынған.

Мақалалар
15 September 2023 161
НЕГЕ АЛДЫМЕН АНАҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ?

Ислам діні ата-ананы құрметтеуді бұйырады. Бұл туралы Алла Тағала Құранда: «Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны қинала жүріп (бірнеше ай) көтерді және қинала босанды. Оның ана құрсағында жатуы мен емшектен шығуы (ең кемінде) отыз айға созылады», – деп баяндады («Ахқаф» сүресі, 15-аят).

Мақалалар
05 September 2023 713
НҰРШЫЛАР ДЕГЕН КІМДЕР?

Бұл жамағат Түркияның шығыс Анадолы­дағы Нұрс таулы ауылында дүниеге келген Мырзаұлы Саид Нұрси (1873-1960) атымен «нұршылар» деп аталады.

Мақалалар
30 August 2023 306
ГҮЛЕНШІЛЕР ДЕГЕН КІМДЕР?

Саид Нұрсидің идеялары негізінде әрекет ететін гүленшілер жамағаты, негізінде, «Хиз­мет» қозғалысы деп аталады. «Хизмет» – түр­киялық жазушы, дін және қоғам қайраткері Фетхулла Гүленнің (1941 ж.т.) идеялары мен бағыт-бағдар көрсетуінің негізінде құрылған діни-әлеуметтік қозғалыс.

Мақалалар
25 August 2023 196
САФАР АЙЫНДА ТОЙ ЖАСАУҒА БОЛА МА?

Кейбір адамдардың «сафар айында үйленуге, той жасауға, алыс жолға шығуға болмайды» деген сөздерін жиі естіп қаламыз. Олардың айтуынша, мұндай істер соңында сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екен.