Жаңалықтар
16 April 2022 234
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сертификатына ие болған мекеме қызметкерлеріне ауызашар берілді

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламовтың ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінінің асханасында өңірдегі ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сертификатына ие болған мекеме қызметкерлеріне ауызашар берілді.

Жаңалықтар
09 April 2022 227
Ақтөбе: Азаншымен кездесу өтті

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының ұйымдастыруымен облыстық халық шығармашылығы орталығында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламовпен «Рамазан – рахым айы» тақырыбында кездесу өтті.

Жаңалықтар
04 April 2022 225
Ақтөбе: «Халал Дамудың» жергілікті өкілі қайырымдылық шараларын жасауға үндеді

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов өңірдегі халал даму сертификатына ие болған кафе, фастфуд, мейрамхана т.б мекемелерді Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Жаңалықтар
11 March 2022 254
Ақтөбе: «Сарқыт» мейрамханасына «QMDB HALAL» сертификаты табысталды

Ақтөбе қаласында орналасқан ең ірі тамақтану орындарының бірі – «Сарқыт» мейрамханасы және оған қарасты «Afsona» дәмханасы, «Wok point» және «Taksim» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды.

Жаңалықтар
23 February 2022 319
Ақтөбе: «Сарқыт» мейрамханасында халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмысы жүргізілді

Ақтөбе қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірі – «Сарқыт» мейрамханасында халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Омарова мен Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов орындады.

Жаңалықтар
19 November 2021 252
Ақтөбе: Қасапшыларға арналған семинар өтті

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Дамудың» Ақтөбе бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өтті.

Жаңалықтар
11 October 2021 189
Елімізде алғаш рет "HALAL" халықаралық көрмесі өтуде

Бүгін Шымкент қаласында Бас мүфтидің бастамасы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен «Halal EXPO-2021» көрмесі басталды. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.

Жаңалықтар
22 September 2021 220
«QAZVAC» вакцинасы тексерістен өтуде

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Жамбыл облысындағы «QAZVAC» вакцинасын өндіруші Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында болып, отандық вакцина өндірісімен танысты.

Әйел-қыздар секторы
21 September 2021 532
Әйел жамағатына арналған семинар өтті

Бүгін әйел жамағатының сауатын жетілдіру мақсатында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов пен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында «Адалдан болсын асыңыз» тақырыбында семинар өтті.

Жаңалықтар
04 August 2021 251
Ақтөбеде бірнеше кәсіпорынға «QMDB HALAL» сертификаты табысталды

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы мен ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің талаптарына сай деп табылған «Рамазан» ЖШС-ның жұмыртқа өніміне, «Kish-mish» кафесіне «QMDB HALAL» сертификатын табыс етті. Ескере кететін жайт, «Рамазан» ЖШН-ның жұмыртқа өнімі – алғашқы Ақтөбе өңіріндегі «QMDB HALAL» сертификатын алған мекеме. Сонымен қатар «MY BRO» ет дүкені «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатын жаңартты. ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты барша мұсылман қауымының сенімін арқалайтын құжат болғандықтан, «Халал Даму» ЖШС тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерді тексеру барысында кәсіпорынның қызметі, тағам өнімдерінің құрамы халал стандарты талаптарына сай болуына, құжаттарының дұрыстығы үнемі қадағаланып, тексеріліп отыруына аса мән беретіндігі туралы «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов сертификат табыстау барысында атап өтті. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар
19 November 2020 288
Ақтөбе: Қасапшыларға семинар өткізілді

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Дамудың» Ақтөбе бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өткізілді.