21 Сафар
МӘЛІМДЕМЕ 4700

МӘЛІМДЕМЕ

25 July 2025 1504 Оқу 1 минут

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Әлеуметтік желілерде emmanuellanauryzbaeva атты парақшада жарияланған бейнежазбада Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің кіре берісінде орын алған келеңсіз жағдайға қатысты келесіні хабарлаймыз:

Бейнежазбада қыз балаға орынсыз сөз айтқан ер азамат дін қызметкері де, мешіт қызметкері де емес. Ол – мешітке келуші қала тұрғыны екендігін хабарлаймыз.

Айта кету керек, облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті – 4 000 адамға арналған сәулетті құлшылық орны ғана емес, Ақтөбе қаласындағы маңызды тарихи-мәдени орталықтардың бірі. Күніне мыңдаған адам келетін мешітте қауіпсіздік шаралары бейнебақылау арқылы қатаң бақыланады. Сонымен қатар, тәртіпті қадағалап отыратын арнайы күзетші қызмет атқарады.

Алдағы уақытта мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тәртіп қатаң бақылауға алынатын болады.

Бейнежазбада көрсетілген оқиғаға байланысты аталған азаматпен тиісті құзырлы органдар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі