13 Джумада әл-әууәл
#Иманижаз2025 : Шәкірттер өнер және өлкетану музейіне барды 4699

#Иманижаз2025 : Шәкірттер өнер және өлкетану музейіне барды

23 July 2025 45 Оқу 1 минут

Ойыл ауданында «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері аудандық өнер және өлкетану музейіне барды.

Танымдық саяхат барысында 1893 жылы іргетасы қаланған "Көкжар" мешітінің макеті көрсетілді. Хазірет Хасан, XX ғасырдың 30 -шы жылдардағы тарихи жәдігерлер, атақты Шығанақ Берсиев пайдаланған заттар таныстырылды,

Ойыл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен шараға 20 бала қатысты. Шара қорытындысында шәкірттерге арнайы дастархан жайылды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі