Жаңалықтар
06 February 2026 5
ҚАЙЫРЛЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?

Имандылық адам баласын тек қана игілікке жетелейді. Егер иман – тамыры терең ағаш болса, ізгі амал оның саялы жапырағы мен тәтті жемісі іспетті. Байқасаңыздар, қасиетті Құранда Алла Тағала қай жерде «Иман келтіргендер...» деп тіл қатса, артынша дереу «...және ізгі амал жасағандар» деп, бұл екеуін егіздің сыңарындай қатар атаған. Бұл бізге нені аңғартады? Бұл мұсылманның дәрежесі тек жақсылығымен, қоғамға тигізген пайдасымен өлшенетінін білдіреді.

Жаңалықтар
05 February 2026 6
Түркі елдері ғалымдары Самарқандта пәтуа мәселелерін талқылады

Өзбекстан Республикасының тарихи Самарқанд қаласында ақпанның 2-3 аралығында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан ғалымдар мен дін мамандары қатысты.

Жаңалықтар
30 January 2026 12
ДҰҒА МЕН ТІЛЕК ТІЛЕУДІҢ ӘДЕБІ

Дұға – бұл әлсіз пенденің құдіреті шексіз болған Жаратушысына сүйенетін рухани арқауы. Дұға – жанның тазалығы. Бабаларымыз «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» деп, дұға-тілектің маңыздылығын шынайы түсінген. Алайда, аспан есігін айқара ашатын, дұға-тілектерді Алладан сұраудың өзіндік сырлары мен әдептері бар. Бүгін біз осы қасиетті құлшылықтың қыр-сырына үңіліп, Алла Тағаладан тілейтін дұғаларымыздың дұрыс болуы турасындағы тақырыпта сыр шертеміз.

Әйел-қыздар секторы
28 January 2026 550
«Ислам және адал қоғам» жылы: Облыстың Бас имамы өңір имамдарына 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті

Бүгін «Шабыт» орталығында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен алқалы жиын өтіп, оған Ақтөбе облыстың дін істері басқармасының басшысы Қаныбек Жақсығалиев, БАҚ өкілдері, қала, аудан имамдары мен ұстаздары және бөлім жетекшілері қатысты.

Жаңалықтар
23 January 2026 4
АДАЛДЫҚ – МҰСЫЛМАН БОЛМЫСЫНЫҢ АЙНАСЫ

Алла Тағала адамзатты жаратқанда оның бойына ең асыл қасиет адалдықты аманат етіп берді. Адалдық – жан дүниенің мөлдір тазалығы, іс пен сөздің айнымас бірлігі және әрбір қадамымызды Жаратушы Иеміз көріп тұр деген биік жауапкершілік.

Жаңалықтар
16 January 2026 5
ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ – ИМАН НҰРЫ

Адам баласының ең қымбат қазынасы – сыртқы көрінісі де, жиған дүниесі де емес, кеудесінде соғып тұрған жүрегі. Себебі жүрек – иманның мекені, ниеттің айнасы, іс-амалдардың бастауы. Жүрек таза болса, ой да түзеледі, сөз де салмақ табады, іс те берекелі болады. Ал жүрек кірленсе, иманның нұры көмескіленіп, адам өз жолынан жаңылады. Сондықтан – жүректі риядан, тәкаппарлықтан, көреалмаушылықтан арылтып, оны ықылас пен иман нұрына толтыру қажет. Ал жүрек тазалығы – пендені Аллаға жақындататын ең қысқа әрі ең берік жол.