«Зират және зиярат басындағы әдептер» тақырыбында «кездесу өтті
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде "Ислам және ізгі қоғам жылы" аясында «Зират және зиярат басындағы әдептер» тақырыбында «Заречный – 3» ықшам ауданының ақсақалдарымен кездесу өтті.
Аталған шараға Жібек жолы елді мекені ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқали Сарсенбаев, Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеткерген Қабылұлы т.б қоғамдық ортада игі істерге бас болып, көпшілікті тәрбиелеу жұмыстарында атсалысып жүрген қариялар қатысты.
Іс-шараға ұйытқы болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы ақсақалдарымызға «Зиярат басындағы әдептерді халық білу үшін жиындар мен басқосулар да садақа-жаназа уақыттарында түсіндіріп өткеніміз абзал. Өйткені, халықтың басым көпшілігі бұл құлыптас қою, мазарларға қоршау жасау секілді әрекеттерде шариғатымызға артық келетін дүниелер жасап жатады»-деп түсіндіріп өтті.
Одан өзге кездесу барысында садақа мәзірі мен садақа сәттеріндегі ысырапшылдық туралы да айтылып, оның алдын-алу шаралары туралы талқыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі