«Жат ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында жастармен онлайн форматта дәріс өтті
Хромтау аудандық "Нұр" мешіттің бас имамы, АТТ мүшесі Ерік Қонақбайұлы және аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының басшысы Қарлығаш Өмірзақова, орталықтың заңгер маманы Данабай Жанаргүлдің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы пробация есебіндегі жастарға деструктивті діни ағымдардан және күмәнді парақшадан сақ болу шаралары бойынша атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ кездесу барысында пробация есебіндегі жастар Хромтау аудандық "Нұр" мешіттің бас имамы, АТТ мүшесі Ерік Қонақбайұлына тақырып аясында сұрақтарын қойып, толыққанды ақпарат алды.
Еске салсақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағыты бекітілді. Оның бірі – жат діни ағымдармен жұмыс.Осы аталған бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсетіп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі