Жастар ісі секторына жауапты өкіл сұхбат берді
07 шілде 2024
760
Оқу 1 минут
Бүгін ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, Бақытжан мешітінің ұстазы Еламан Кәрім «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды. Жауапты өкіл тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында «Түс көру және түс жору» тақырыбында сұхбат берді.
Еламан Кәрім шариғат пен салт-дәстүрдегі түстің түрлері мен әдептеріне жіті тоқталды.