ЖАНТ мүшесі Шалқар ауданында 1353

ЖАНТ мүшесі Шалқар ауданында

27 ақпан 2022 145 Оқу 1 минут

Бұгін Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Абдиисламұлының бастамасымен жамағаттың бірлігі мен біліктілігін арттыру мақсатында «Сенбілік» дастархан жайылды. 

Шараға қонақ ретінде ЖАНТ мүшесі, Мұғалжар ауданының Бас имамы Асемхан Ерғазин қатысты.

Аталған шара барысында аудан имамы Бақыт Абдиисламұлы қонақты жамағатқа таныстырды.

Сонымен қатар ЖАНТ мүшесі «Ислам – татулық пен бірлік діні» тақырыбы аясында уағыз - насихат айтты. Игі басқосуда Құран аяттары мен хадис шарифтерден мысалдар келтіру арқылы тақырыпты нақты әрі түсінікті етіп, баян етті.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі