Ырғыз: Бас имам жамағатты жат ағымнан сақтануға шақырды 666

Ырғыз: Бас имам жамағатты жат ағымнан сақтануға шақырды

17 маусым 2021 157 Оқу 1 минут

Ырғыз ауданының бас имамы Ардақ Жұмабекұлы мешіт жамағатына уағыз-насихат жүргізіп, жастарды жат ағым жетегіне ілесіп кетуден сақтандырды. Әсіресе, әлеуметтік желілерде уағыз-насихат тыңдар кезде сақ болуға шақырып, тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіт-медреселер мен аранулы оқу орындарының қызметкерлерінің уағыздары мен дәрістерін тыңдауға кеңес берді.

Себебі, ешқандай құзырлы орынға тиесілі емес, өз бетінше дәріс жүргізіп, уағыз айтушылар көп жағдайда мойындарына жауапкершілік алмастан, аңдаусыз сөздер айтулары әбден мүмкін. Нәтижеде қаншама жастарымыз теріс бағыттарға түсіп, көлденең көк аттылардың қате пікірелеріне еріп, тура жолдан ауытқып кетулері ықтимал. Мұндай теріс зардаптар орын алғанда жаңағы уағызшылар көбінесе жауапкершілікке тартылмай қалады.

Ал, жауапты мамандар, арнаулы діни қызметкерлер уағыз айтар кезде әбден зерттеп, жан-жақты зерделеп, алды-артын бағамдап барып қана сөз қозғайды. Сондай-ақ, қоғамның жағдайын, елдің діни ахуалын, ата-бабаларымыздың дәстүрлі жолын да ескереді. Сондықтан, мешіт имамдары мен арнаулы діни қызметкерлерді тыңдаушылар теріс жолға түспесі анық.


Ақтөбе облыстық орталық мешіті