Ырғыз: Бас имам тағайындалды 1160

Ырғыз: Бас имам тағайындалды

04 желтоқсан 2021 295 Оқу 1 минут

Ырғыз аудандық мешітінің Бас имамы болып Бауыржан Мырзабай тағайындалды. 

Ол – бұған дейін Шалқар қалалық «Жанаман ахуын Сейітімұлы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Бауыржан Мырзабай – «Ақтөбе» политехникалық колледжі мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман таныстырып, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бауыржан Мырзабайды тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі