«Ақыл Мизан» зияткерлік сайысы өтті 3667

«Ақыл Мизан» зияткерлік сайысы өтті

16 қыркүйек 2024 280 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен бірігіп «Ақыл Мизан» атты зияткерлік сайысы өтті.

Игі шараны Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев ашып, білім алудың, жамағатпен араласудың маңыздылығы туралы насихат айтты.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен аталған мешітің ұстазы Талғат Аманов және «Ихсан» орталығының ұстазы Бейбарыс Ізберген сайысқа қазылық етті.

Зияткерлік сайыс 4 кезең бойынша өтті: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, медиа және логикалық сұрақтар.

Таласты да, тартысты сайыста Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шәкірттері жүлделі 1 орынға ие болса, 2 орынды «Бесқоспа», ал 3-ші орынды «Әс-Сәләм» мешітінің шәкірттері иеленді.

Жеңімпаздарға 1 орынға 200000 тг, 2 орынға 150000 тг 3 орынға 100000тг қаржы берілді.

Жарыс барысында көрермендерді де қуанту, білімдерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Аталған шараға келген ұстаздар пайдалы ілімдерімен бөлісіп, діни және зайырлы білімнің қатар қажеттілігі жөнінде баяндады.

Шараға келген жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі