Темір: Футболдан түскен қаражат науқас сәбиге берілді 670

Темір: Футболдан түскен қаражат науқас сәбиге берілді

21 маусым 2021 160 Оқу 0 минут

Ақтөбе облысы, Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК КУБОГІ» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты жамағаттың ауызбіршілігін нығайтып, адамдарды қайырымды, мейірімді болуға шақыру.

Жарысқа 8 команда қатысып, «Шұбарқұдық» командасы 1 орын, «Қопа» командасы 2 орын, «Табын» командасы 3 орынға ие болды.

Ал «Үздік қақпашы» — Ақан Арлен (Шұбарқұдық), «Үздік қорғаушы» — Жанғали Нуркен (Алтықарасу), «Үздік ойыншы» — Барсаев Ералы (Қопа), «Көркем мінезді ойыншы» номинациясымен Сагиданов Ерболат марапатталды.

Аталған шара барысында барлық жүлдегерлер кубокпен және бағалы сыйлықтарға ие болып, көрерменге жақсы ойын сыйлады.

Турнир соңында қатысушыларға дастархан жайылып, тағылымды уағыздар айтылды.

Сонымен қатар қайырымдылық турнирінен түскен қаражат ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ қорының «Сәбиге үміт сыйла» жобасымен Шұбарқұдық елінің тұрғыны, бүлдіршін Тоғызбаев Жанру Русланұлының еміне берілді.

Алла Тағала Жанру баламызға шипа берсін деп тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті