Ақтөбе: Желтоқсан құрбандарына Құран бағыштады
Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыздың рухына арналып Құран Хатым дұғасы жасалды.
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата қайырды.
Ақтөбе облыстық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі