20 Сафар
Ақтөбе: Облыстық азаншыларға арналған  семинар өтті 4604

Ақтөбе: Облыстық азаншыларға арналған семинар өтті

19 маусым 2025 61 Оқу 1 минут

Азан — Ислам дінінің ең басты құлшылықтағы мәйегі ретінде намазға шақыру. Азан — Алланың және Алла елшісінің ( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімін жар салу. Сондықтан да ол Ислам дінінің рәміздерінің бірі. Жамағаттың бес уақыт намазға жиылуына сөзсіз азанның әсері мол. Осыған орай, Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан мешіттеріндегі азан сапасын арттыру мақсатында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіндегі «Құран» секторының ұйымдастыруымен «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылар семинары өтті.

Аталған оқыту семинарды Ақтөбе облысы бойынша Құран секторының жауапты маманы, облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов пен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ералы қари Құлмағанбетұлы жүргізді.

Облыстық мешітте өткен семинар барысында азан және азан айтуға қатысты көптеген фиқһи тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда азанды дұрыс әрі қатесіз айту, азанның махраждары, азанның әдептері, азанды мақамына келтіріп айту, қамат және таң намазы азанының айтылуы тақырыптарында дәрістер жүрді.

Одан өзге «Азанның шығу тарихы мен әдептері жөнінде», «Азан айтудың шариғаттағы орны мен үкімдері», азаншыларға вокалдық қабілеттерді пайдалану тақырыбы да қамтылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі