Ақтөбе: «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсын 912 шәкірт тәмамдады 1951

Ақтөбе: «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсын 912 шәкірт тәмамдады

23 шілде 2022 162 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастаған имамдардың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсын 912 мектеп жасындағы 583 ұл, 329 қыз бала тәмамдады.
Аталған жазғы курс ҚМДБ Ақтөбе өкілдігіне қарасты облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алып, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде, қаладағы «Қабақ баба», «Әс-салам», «Сүлеймен ата», «Досжан Хазрет», «Бақытжан», «Әл-латиф» мешіттері мен Ембі қалалық мешіті, Байғанин, Алға, Шалқар, Мұғалжар, Хромтау, Мәртөк, Темір аудандық мешіттерде жалғасын тапты.

Курс барысында «Мұғалім сәни», «Құран», «Ислам әдебі», «Пайғамбарлар қиссасы», «Алланың 99 есімі», «Күнделікті дұғалар» атты дәріс өтті. Сонымен қатар шәкірттердің таным көкжиегін байыту мақсатында табиғат аясында серуендер ұйымдастырылды.

Серікжан Еншібайұлы: «ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жылдағы дәстүрге сай, жаздағы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында «Имани жаз» атты сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

«Жалпы мұсылман бала қандай болу керек?» деген мақсатта сабақтар өткізіліп келді. Үйренген Құран әліппесі мен әдеп аясындағы өткен дәрістерді ұмытып кетпей, әрі қарай отбасыларында жалғастырады деген ниеттіміз. Сондай-ақ кейінде мешітке келіп, ұстаздардан дәрістерді жалғастырса, нұр болады.

Сіз бен біз болып қоғамда әдепті бала болуға әрекет жасайық. Бүлдіршіндер телефонда көп отырғанның орнына кітап оқыса, көбірек Құран жаттаса деген ізгі ниетіміз бар», -деп облыстың Бас имам жазғы діни сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналарға, курс барысында сабақ берген ұстаздарға алғысын білдірді,

Сонымен қатар сауат ашу курсын тәмамдаған шәкірттерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Одан өзге ата-аналар ұстаздарға мен жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ендігі жылы асыға келетінін айтты.

 Айта кетсек, жазғы сауат ашу курсында 287 ұл бала, 137 қыз бала Құранға түсті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі