Ақтөбе: «Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайыс өтті 3028

Ақтөбе: «Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайыс өтті

25 қазан 2023 205 Оқу 1 минут

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен жергілікті университет, колледж студенттері арасында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күніне орай «Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайыс өтті.

Студенттер арасында өткен дода III кезеңнен тұрды. I кезеңде қазіргі таңда білім саласында кең таралған және көпшілік арасында қолданысқа ие Kahoot бағдарламасы арқылы өтіп, қатысушыларға Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған діни экстремистік ұйымдарға байланысты сұрақтар берілсе, II кезеңде жасырын ұяшықтар арқылы «Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Алаш қайраткерлері», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Діни мақал-мәтелдер», «Діни саладағы өзекті терминдер» тақырыптарында құрастырылған әртүрлі деңгейдегі 25 мәтін және бейне сұрақтар қойылды. Ал III кезеңде әр топ алдын-ала берілген ұлттық құндылықтарға қатысты тақырыптар (домбыра, бауырсақ, тоғызқұмалақ, тары, құрт, қымыз, асық) аясында жоба қорғады.

Сонымен қатар облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтап, «Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайыстың маңыздылығын атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша басқармасы басшысы Әлімбек Тұралиев, «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтарын табыстады.

ІІІ кезеңді қамтыған зияткерлік сайыста дін және жастарға жауапты мамандар әділқазы ретінде сараптады. Олардың құрамында облыстық дін істері басқармасының маманы да болды.

Айта кетсек, жеңімпаздарға яғни І орынға СМАРТ сағат, ІІ орынға құлаққап, ІІІ орынға сымсыз құлаққап сыйлап, аз ұпай жинаған 2 топқа алғыс хат және сыйлықтар жиынтығы берілді.

Шара қортындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, дәстүрлі түрде сайыс жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі