Ақтөбе: Қалалық орталық мешітте сенбілік жасалды
Ислам – тазалық діні. Дініміздегі тазалық қоршаған ортадан бастап, пенденің рухани болмысына дейінгі барлық дүниені қамтиды. Өйткені, қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді» деген. Осыған орай, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде құлшылық үйінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбілік жасалды.
Аталған шараға мешіт ұжымы мен жамағат жұмыла кірісіп, атсалысты.
«Тазалық – иманның жартысы» деген ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисіне амал еткен тазалық жасаушылар, мұсылман баласы өзіне тиісті болған барлық істе мұнтаздай тазалық пен жауапкершілікті негізге алу керектігін үлгі етті.
Айта кетейік, сенбілік барлық қала мешіттерінде жүргізілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі